Өзбекстанның Наманган облысындағы Мыңбұлақ кенінен алғашқы мұнай алынды. Бұл туралы Өзбекстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жобаны "Өзбекнефтгаз" АҚ мен Қытайдың SNPC ұлттық мұнай-газ корпорациясы бірге жүзеге асыруда. Бұл екі елдің энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ең ірі бірлескен жобасы.
Мамандардың айтуынша, мұнай 6000 метр тереңдікте жатыр, оданда терең болуы мүмкін. Бұл қара алтынды қазып алуда қиындықтар тудыруда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу