Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ораза айт құрметіне темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан 575 тұтқынға рақмышылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жайында UzNews.uz –ға сілтеме жасай отырып, islam.kz хабар таратты.
Ораза айтының құрметіне рақымшылық жасалғандардың 361-і жазадан толық құтылып, отбасына оралады. Ал 214 тұтқынның жазасын өтеу мерзімі қысқарған. Рақымшылыққа ілінгендер арасында жасы алпыстан асып кеткен 7 адам бар және 6 әйел және 1 шетелдік бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу