Өзбекстанда отбасылық бақыт индикаторы жасалуда

693

"Оила ва хотин-кизлар" (Отбасы және әйел қыздар) өзбек ғылыми-зерттеу институтының мамандары отбасылық бақыт индикаторын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz podrobno.uz агенттігіне сілтеме жасап.  

Өзбекстанда отбасылық бақыт индикаторы жасалуда

Агенттік хабарлағандай, бұл туралы Ташкенттегі брифингте институттың ақпараттық қызметінің басшысы Манижа Бахриева айтты.

Қазірдің өзінде Институтта Халықаралық Бақыт индикаторын зерделеу және оның негізінде Өзбекстандағы отбасылық бақыт индикаторын әзірлеу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған.

Сарапшылар Ұлыбритания, Франция, Қытай, Бутан, Индонезия және Малайзияда енгізілген ұқсас индекстерді талдап зерделеп көрді. Талдау және зерттеу нәтижесінде Өзбекстандағы отбасылық бақыт деңгейі өлшенетін индикаторлар анықталды. Бұл ретте өзбек ұлтының сипаты мен өмір сүру деңгейіне негізделген бақыттың субъективті және объективті индикаторлары ескерілді. Біріншісіне статистика, екіншісіне әлеуметтанулық сауалнамалар кіреді. Негізгі назар екінші компонентке аударылады деп жоспарлануда. Индексті сауалнамалар арқылы алынатын көрсеткіштер негізінде есептейді.

Жаңа индикатордың көмегімен махаллалар (ред. жергілікті қауымдастықтар) мен аудандардағы халықтың бақыт деңгейін анықтап, мемлекеттің отбасындағы әл-ауқатты сақтауға қалай көмектесе алатынын түсіну жоспарланған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу