Өзбекстанда өзбек-қазақ тілдерінде оқытатын 180-нен астам мектеп бар

401

Ресми мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда 800 мыңнан астам қазақ тұрады.  

Өзбекстанда өзбек-қазақ тілдерінде оқытатын 180-нен астам мектеп бар Фото: 24.kz

Бұл туралы Оқу сенатор Руслан Рүстемов Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімнің 14-бабына сәйкес тараптар Өзбекстан аумағында тұратын этникалық қазақтар мен Қазақстан аумағында тұратын этникалық өзбектер үшін олардың ана тілін, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту ісінде қолайлы жағдайлар жасайды. 2023 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстандағы этникалық өзбектер саны ұлттар саны бойынша үшінші орында тұр және 643,4 мың адамға тең. Бұл жалпы ел халқының 3,25 пайызын құрайды. Ресми мәліметтер бойынша Өзбекстанда 800 мыңнан астам қазақ тұрады және Өзбекстандағы барлық этнос арасында үшінші орында. Осы орайда сұрағым, қазіргі таңда Өзбекстанда қазақ тілінде оқытатын, сонымен қатар өзбек-қазақ тілдерінде аралас оқытатын жалпы білім беретін, сондай-ақ Қазақстанда өзбек тілінде оқытатын немесе қазақ-өзбек тілдерінде аралас оқытатын жалпы білім беретін мектептердің саны қанша?", - деп сұрады сенатор Руслан Рүстемов.

Депутат қаралып отырған келісімге (ред. – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заң) қол қою мектептер санының артуына әсер ете ме деп сұрады.

"Сыртқы істер министрлігінің қолында бар деректерге сәйкес, қазіргі таңда Өзбекстанда өзбек-қазақ тілдерінде аралас 180-нен астам мектеп жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш Өзбекстанмен салыстырғанда 3 есе көп болады. Қазіргі кезде бізге Өзбекстанда қосымша мектептер ашу туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ. Осындай мектептердің саны жеткілікті деп ойлаймыз", - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев.

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда өзбек тілінде сабақ беретін 141 мектеп бар.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар нығаятынын жазған болатынбыз. Сенат "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу