Өзбекстанда президент өкілеттілігі 7 жылға ұзартылуы мүмкін

743

Өзбекстанда елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы референдумға шығарылады. Құжат "Халық сөзі" газетінде жарияланды.

Өзбекстанда президент өкілеттілігі 7 жылға ұзартылуы мүмкін

Қазіргі өзбек Конституциясының 90-бабына сәйкес, президенттің өкілеттілігі 5 жыл. Әрі 1 адам 2 реттен артық бұл лауазымға сайлана алмайды.

Референдумда талқыға ұсынылған заң жобасы қабылданса, президенттің мерзімі 7 жылға дейін ұзартылады.

Сондай-ақ Өзбекстанның ата заңында өлім жазасына тыйым салынғаны да жазылмақ. Бұл өзгерістер мен толықтыруларды, өзбекстандықтар шілденің 4-не дейін талқылайды, кейін жаңа конституцяның тағдыры жалпы халықтық референдумда шешілмек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу