Өзбекстанда Президент сайлауына алдын-ала дауыс беру басталды. Бұл жолғы саяси додаға 4 үміткер тіркелген. Кандидаттар тізімінде 2 саяси бірлестіктің жетекшісі мен Жоғарғы Сот төрағасының экс-орынбасары бар.
Ал қазіргі Президент Шавкат Мирзиеевті бірден 2 партия үміткер ретінде ұсынды. Бұл Өзбекстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сайлау болмақ. Енді президенттің өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.\
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу