Өзбекстанда өткен референдумда жаңа Конституцияны сайлаушылардың 90,21 пайызы қолдады

803

Негізгі түзетулердің бірі Өзбекстан Президентінің өкілеттіктерін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуға қатысты болды.  

Өзбекстанда өткен референдумда жаңа Конституцияны сайлаушылардың 90,21 пайызы қолдады Фото: inform.kz

Өзбекстанның жаңа конституциясы туралы заң жобасын референдумда сайлаушылардың 90,21 пайызы қолдаған. Ал 9,35% қарсы дауыс берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халық саны 32,2 миллионнан асатын Өзбекстанның 19,7 миллионнан астам азаматы референдумда дауыс бере алады.

Өзбек азаматтары "Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы" Конституциялық заңды қабылдайсыз ба" деген жалғыз сұраққа жауап берген.

Жалпы Өзбекстан конституциясы 65 пайызға жаңартылады. Түзетулер қатарында сенаторлар санын 100-ден 65-ке дейін қысқарту, Өзбекстан президентінің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға ұзарту, мақта теру кезінде балалар еңбегін пайдалануға конституциялық тыйым салу, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын  шет мемлекетке экстрадициялауға тыйым салу туралы тармақтар бар.  

Қолданыстағы конституция 1992 жылы қабылданды, содан бері Өзбекстанның негізгі заңына 15 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу