Өзбекстанның Сурхандария облысындағы "Сариосиё" шекаралық кеден бекетінде 70 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Inbusiness.kz өңірдің кеден басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, құжаттарға сәйкес жүк көлігі бос болған. Алайда, МҚҚ Шекара әскерлерінің кеден қызметкерлері мен әскери қызметшілері көлікті тыңғылықты тексеріп, кабинаның астынан 66 есірткі пакетін тапты.
Олардың жалпы салмағы 69,2 кг жетті. Барлығы 31,9 кг героинмен 30 пакет және 37,3 кг гашишпен 36 пакет табылды.
Хабарламада басқа мәліметтер берілмеген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу