Өзбекстанда шетелдік саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды

252

Өзбекстанда енді шет мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың бөлімшелерін құруға және олардың қызметін жүзеге асыруға болмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда шетелдік саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тиісті өзгеріс енгізілген "Саяси партиялар туралы" заңына қол қойды.

Құжатта жазылғандай, Өзбекстанда партиялардың қызметін жетілдіру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда, ел аумағында шетелдік партиялардың қызметін реттеу қажет екені көрсетілген.

"Аталған "Саяси партиялар туралы" заңына енгізіліген өзгерістер шет мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың бөлімшелерін құруға және олардың қызметін жүзеге асыруына жол бермеуге бағытталған", – делінген заңның жаңа редакциясында.

Бүгінде Өзбекстанда ресми тіркелген 5 саяси партия жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу