Өзбекстанда тәртіп сақшылары қазақстандық туристерге шабуыл жасады

621

Оларға қарсы электрошокер қолданылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстанда тәртіп сақшылары қазақстандық туристерге шабуыл жасады

Бұл туралы Өзбекстанның instagram-пабликтерінің бірінде жазылған.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, үшеуі Қазақстаннан, біреуі Ташкенттен келген төрт жас Самарқандтағы жергілікті Тәж-Махал клубынан таңғы сағат 3:30 шамасында шыққан. Шақырылған таксидің келуіне үш минут қалғанда, оларға екі тәртіп сақшысы келіп, құжаттарын көрсетуді сұрады. Екі қазақстандық төлқұжат, өзбекстандық жүргізуші куәлігі көрсетілді.

"Құжаттарды тексергеннен кейін полицейлер туристерге милиция бөлімшесіне баруды сұрады. Жігіттер полиция бөлімшесіне барудан бас тартты, өйткені олар құжаттарын көрсетті. Заңсыз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзбаған. Бірақ құқық қорғау органдарының өкілдері басқаша шешім шығарып, Самарқандта коменданттық сағат енгізілгенін мәлімдеді", – деп жазады басылым.

Ақыры қосымша күштер шақырылды.

"Зорлық-зомбылық көрсетіп, телефондарын тартып алмақ болған тәртіп сақшылары оларды дөрекі түрде патрульдік көліктерге отырғызып, бөлімшеге алып кетті", – дейді жазба авторы.

Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның 20 мамырдан 21 мамырға қараған түні болғанын хабарлады.

"Самарқанд қаласы ІІБ патрульдік-күзет қызметінің қызметкерлері түнгі уақытта қызмет атқарып, Мирзо Ұлықбек көшесінде туристердің жеке басын тексеру барысында қызметтік этика нормаларын өрескел бұзып, қызметтерін асыра пайдаланып, арнайы техникалық құралдарды қолданған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке қауіпсіздік қызметі прокуратурамен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", – деді Өзбекстан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Ш.Ғиясов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу