Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне орай 286 адам рақымшылыққа ілінді

451

Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне орай 286 адам рақымшылыққа ілінді Фото: president.uz

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев ел тәуелсіздігінің 32 жылдығын мерекелеу қарсаңында 286 азаматқа рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Жарлықпен қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне шын жүректен өкінген және түзету жолына қадам басқан 286 азамат кешірілді. Олардың ішінен 109 адам негізгі жазаны өтеуден толық босатылды, 116 адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 25 адамға қатысты тағайындалған жаза түрі жеңіл жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 36 адамға қатысты тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі қысқартылды. Кешірілгендердің арасында 39 әйел, 60 жастан асқан 22 ер адам, 30 шетелдік, тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 3 адам бар", - делінген хабарламада.

Тиісті құзырлы органдарға рақымшылық жасалғандарға әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу