Өзбекстанның Ферғана облысында 18 қазанда осы елдің Қорғаныс министрлігінің Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке UzDaily Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Тікұшақ жоспарлы түрде ұшқаны айтылады. Апат салдарынан 3 экипаж мүшесі мен тікұшақ бортында болған 6 әскери қызметкер қаза тапты.
Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
ҚазАқпарат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу