Өзбекстанда ТМД кеңістігінде ең биік аспалы жол салу жоспарлануда

757

Чимгандағы аспалы жолдың биіктігі 3 300 метрден асады.

Өзбекстанда ТМД кеңістігінде ең биік аспалы жол салу жоспарлануда Фото: Uzbekistan.travel

Чимганда ТМД кеңістігіндегі ең биік аспалы жол салу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.

Чимган – Чаткал жотасының сілемдерінде, Чимгансай өзенінің аңғарында, Ташкент облысының Бостанлық ауданындағы Чимган ауылының маңында орналасқан тау курорты.

Туризм және мәдени мұра министрлігі Инвестициялар мен туристік инфрақұрылымды дамыту басқармасы бастығының орынбасары Аброрхужа Муноваров атап өткендей, Чимган ауданында Орталық Азияда отбасылық туризм үшін алғашқы кез-келген маусымда тоқтаусыз жұмыс істейтіү тау паркін құру көзделген.

"500 гектар аумақ жоғары туристік әлеуетке ие деп анықталып, осы аймаққа арналған шеберлік жоспарын әзірлеуге Франциядан келген компаниялар консорциумы тартылды. Мұнда атқа міну, квадроциклмен жүру, тау велосипедтері мен сноубордпен сырғанау, үлкен арқанмен түсу (zipline), альпинизм сынды басқа да ойын-сауық түрлерін ұсынатын кешендер пайда болады деп болжануда", – деп бөлісті Минтуризм өкілі.

Сонымен қатар мұнда ТМД кеңістігінде биіктігі 3 300 метрден асатын ең биік аспалы жол салынады.

Ең биік нүктеде табиғаттың сұлулығымен тамсануға барлық жағдай жасалатыны хабарланады. Нысандардың әрқайсысы аукционда жеке лотпен ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу