Өзбекстанда тойда ысырап жасап, көп кісі шақыруға тыйым салынды

454

Бұл туралы Өзбекстанның отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комитет хабарлады.  

Өзбекстанда тойда ысырап жасап, көп кісі шақыруға тыйым салынды Фото: www.kommersant.ru

Ел билігі үйлену тойлары мен отбасылық мерекелерге бақылауды күшейтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзбекстан үкіметі 2026-2030 жылдарды "Азық-түлік қауіпсіздігі кезеңі" деп жариялады. Билік адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бас қатырып, қоғамда "шамадан тыс ысырапшылдықтың" алдын алуға тырысып жатыр. Ысырапшылдықпен күресу үшін шенеуніктер үйлену тойларын, отбасылық мерекелерді, арнайы рәсімдерді қатаң бақылауға алды.

Осылайша өзбекстандықтарға жерлеу рәсімін шамадан тыс асыра сілтеп өткізуге, қымбат сыйлықтар беруге және мерекелерде ақша таратуға тыйым салынып отыр.

Жаңа заңға сәйкес, үйлену тойлары мен отбасылық іс-шараларға 200 адамға дейін келе алады.

Ұлттық дәстүрлерге жат, тәлім-тәрбиеге қайшы келетін және қосымша шығындар мен уақытты қажет ететін рәсімдерге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу