Өзбекстанда тұмаудың жаңа түрі тіркелді

315

Вирус жылдам таралса, пандемияға соқтыруы мүмкін деген қауіп бар.

Өзбекстанда тұмаудың жаңа түрі тіркелді Фото: freepik

Өзбекстанда H3N2 атауымен белгілі гонконг тұмауының штамын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сала мамандары бұл індеттің алдын алу үшін күзде тұрғындарға 2,2 млн доза вакцина егілген дейді. Екпені негізінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен жеткіншектер алған.

Есесіне, "шошқа тұмауы" атанып кеткен H1N1 вирусын жұқтырудың жыл басынан бері 4 жағдайы анықталды.

"Зертханаларда жүргізілген талдау нәтижесіне сай, әзірге тұмаудың бұл түріне шалдыққан 4 адам бар. Олармен қарым қатынаста болғандар жіті тексеріліп, жағдайды қатаң бақылап отырмыз. Арнайы мониторинг жүргізіп, індеттің таралуына тосқауыл қою шараларын қолға алдық", - дейді Өзбекстан республикасы ДСМ СЭС және қоғамдық денсаулық комитеті басшысының орынбасары Нұрмат Отабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу