Өзбекстанда ұшақтарды лазермен нысанаға алу жағдайы жиілеген

317

Өзбекстанда ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде лазер сәулесімен кедергі жасау жағдайлары жиілеп кеткен. Кейінгі 5 айда осындай 6 оқиға тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзбекстанда ұшақтарды лазермен нысанаға алу жағдайы жиілеген Фото: stan.kz

Өзбекстан әуежайы жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төндіретін лазер қолданушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды. 

2023 жылы 10 жағдай, 2024 жылдың 1 қаңтары мен 10 мамыры аралығында 6 жағдай тіркелді. Мұндай оқиғалар туралы деректер экипаж мүшелерінің айтуы негізінде анықталды.

Компания мұндай әрекеттері үшін азаматтар Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 116-1 бабы бойынша (Әуе кемесін пайдалану кезінде лазер сәулесімен кедергі жасау) жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салды. Осы бапқа сәйкес, әуе кемесіне лазер сәулесін бағыттау арқылы кедергі жасау – айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық заттары тәркіленіп, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу