Өзбекстанда вейптерге толық тыйым салынды

93

Президент Шавкат Мирзиёев электронды темекілерді, олар үшін арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, сатуға және таратуға шектеу қоятын заңға қол қойды.    

Өзбекстанда вейптерге толық тыйым салынды Фото: parimsami.ru

Әділет министрлігінің мәліметінше, жаңа талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Электронды темекілерді ірі көлемде өндіру, экспорттау немесе импорттаумен айналысқандарға 500 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 8,9 млн теңге) айыппұл салынуы немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал.

Бұдан бөлек, құқық бұзушыны үш жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына жіберу қарастырылған.

Сонымен қатар, заңда жеңілдік нормасы көзделген: егер азамат өз еркімен құқық қорғау органдарына келіп, кінәсін мойындап, тыйым салынған өнімді тапсырса, оған жаза тағайындалмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу