Өзбекстанда заңсыз діни ұйым құрды деген күдікпен 17 адам ұсталды

237

Топ мүшелерінің жастары 24 пен 49 жас аралығында. 

Өзбекстанда заңсыз діни ұйым құрды деген күдікпен 17 адам ұсталды Фото: Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олардың арасында кеден органдарының 3 қызметкері, Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінің студенті, технопарк директорының орынбасары мен жеке кәсіпкерлер бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер түнгі уақытта Ташкенттегі тамақтану орындарының бірінде бас қосып, діни әдебиеттерді талқылаған. 

Аталған фактіге байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметін заңсыз ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталғандардың өзге де серіктестері анықталуда.

Бұған дейін Өзбекстан Президенті әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Комил Алламжоновқа қастандық ұйымдастырды деп айыпталған 10 адамға сот үкімі шыққан болатын.

Сондай-ақ, 3-4 ақпан аралығында елде өткен "Қорадори" ("Қара көкнәр") операциясы кезінде есірткі саудасына қатысы бар 228 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу