Өзбекстанда жанармай тапшылығы сезіледі

1334

Қазақстанмен салыстырғанда өзбек елінде жанар-жағармай бағасы едәуір қымбат.

Өзбекстанда жанармай тапшылығы сезіледі

Бұл жөнінде Өзбекстанға арнайы сапармен барып қайтқан тілшіміз хабарлайды.

Нақтырақ айтар болсақ, бензиннің кеңінен сұранысқа ие АЙ-92 маркасы республикамызда 140 пен 150 теңге аралығында бағаланса, көрші елде оның құны 252-ден 260 теңгеге жеткен. Дегенмен, мұны Өзбекстанда мұнайдың аса көп мөлшерде өндірілмейтінімен түсіндіруге болатын шығар.

Алайда, көгілдір отынның отанына баланатын елде жергілікті көліктер кеңінен тұтынатын метан газының өзі арзан болмай тұр. Ала шапанды ағайын метанның 1 кубын 107 теңгеге сатып алса, пропан газы 78 теңгеге бағаланады.

Ал, дизель отыны өзбек елінде мүлде тапшы. Мұнай өнімінің бұл түрін жанармай бекеттерінен таба алмайсыз. Тек шетелден келетін жүк көліктері автотұрақтарда арнайы ыдыстарға құйып кетеді екен. Сондай жерлерден және жол бойындағы дүкендерден, үйлерден сұрастырып жүріп 10 және 20 литрге ғана қол жеткізе аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу