Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салынады

624

Қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді.

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салынады

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама нәтижесіне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда жасы 12-ден асқан балалар америкалық Pfizer компаниясы жасаған вакцинаны ерікті түрде салдырта алады.

"12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті", – деп жазылған  министрліктің мәлімдемесінде. 

Ведомствоның дерегіне сүйенсек, қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болып отыр. 

Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакцина салу науқаны 1 сәуірден басталды. Вакциналау "AstraZeneca", "ZF-UZ-VAC2001", "Спутник-V", "Moderna және Pfizer" препараттарымен жүзеге асырылып жатыр. Осы күнге дейін 4 миллион адам толығымен вакцина алған.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу