Өзбекстанда жер сілкінді

330

Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады. 

Өзбекстанда жер сілкінді Фото: freepik

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық болжау мониторингі республикалық орталығының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:52-де ел аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер сілкінісінің ошағы Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан. Тереңдігі — 15 км жатыр, магнитудасы — 3,6. Жерасты дүмпулерінің күші 2 баллды құрады.

Сейсмикалық орталық жер сілкінісі ошағынан Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 96 шақырымды құрайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу