Өзбекстанда жол қозғалысы ережесін бұзатындарға балдық жүйемен шара қолданылмақ

421

​Өзбекстанда 1 желтоқсаннан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге шара қолдану бағытында айып-бал жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты UZA агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда жол қозғалысы ережесін бұзатындарға балдық жүйемен шара қолданылмақ

Аталған жүйе ел Президентінің биылғы 4 сәуірде жарияланған "Адам қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету және автомобиль жолдарындағы өлім-жітімді күрт қысқарту шаралары туралы" қаулысына сәйкес енгізілгелі отыр.

Атап айтқанда, 12 ай бойы жол қозғалысы ережесін бұзған сайын жүргізушіге айып-бал беріледі.

Мәселен, мынадай тәсілмен: жылдамдықты асырса – 1 балл, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетсе – 3 балл. Егер салынған айып-бал саны 12-ден асып кетсе, жүргізуші белгілі бір уақытқа көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.

Ал белгіленген мерзімде жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілер айып-балдарын қысқарту арқылы көтермеленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу