Өзбекстанда әскери қоймалардың бірінде жарылыс болды

1479

Зардап шеккендер жоқ.  

Өзбекстанда әскери қоймалардың бірінде жарылыс болды Фото: uznews.uz

Өзбекстанның Сырдария облысына қарасты Мәлік кентіндегі әскери қоймада жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жарылыс 22 қазан сағат 04:55-те Мәлік кентіндегі Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің қоймасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты Өзбекстан Қорғаныс министрлігі тергеуді бастады.

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы әскери қоймадағы жарылыстың видеосы тарап жатыр. Оның біреуінде жарылыс болған сәт бейнеленген. Басқа бейнежазбаларда елді вввввттмекендегі коммерциялық нысандардың зақымдануы көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу