Өзбекстандағы дауылдан 40 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

610

Өзбекстанның 4 облысында дауыл болып, 40 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. 

Өзбекстандағы дауылдан 40 мыңнан астам үй жарықсыз қалды Фото: Gazeta.uz

Kun.uz таратқан ақпаратта, тосын жайт Бұқар, Самарқан, Жизақ және Науаи облыстарында болғаны жазылған. 

Өзбекстан Экология министрлігінің мәліметінше, Бұқар облысының 3 ауданының 6 мың тұтынушысы, Науаи облысына қарасты 4 ауданның 23 мың абоненті қазір электр энергиясыз отыр. Дәл осылай дауылдың салдарынан, Самарқан мен Жизақ аймақтарында да бас-аяғы 20 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған. 

Жауапты органдар, электр энергиясын екпіндете соққан жел басылған соң қалпына келтірмек. Әлеуметтік желілерде тараған видеода, кептелісте тұрған көліктерді де байқауға болады. Ресми органдар "зардап шеккендер жоқ" - деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу