Өзбекстан фермерлері салық жеңілдіктеріне ие болады

Несиелерді бөлу suvkredit.uz электронды платформасы арқылы ақпан айынан бастап жүзеге асырылады. 

Өзбекстан фермерлері салық жеңілдіктеріне ие болады Фото: freepik

Өзбекстанда 2025 жылдан бастап фермерлерге суды үнемдейтін технологияларды енгізгені үшін салық жеңілдіктері енгізіледі. Бұл Өзбекстан басшысының "2024 жылғы 5 қаңтардағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және оларды төменгі деңгейде пайдалану тиімділігін арттыру шаралары туралы" қаулысында қарастырылған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Spot порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат суды пайдалану мәдениетін арттыруға және халықтың санасында қалыптасқан "тегін су" деген стереотиптен бас тартуға бағытталған.

Қаулыға сәйкес, 2025 жылдан бастап суды үнемдейтін суару технологияларын енгізу және су өлшеу құралдары негізінде суаруға арналған су алу көлемін анықтау кезінде су салығының ставкасына 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.

Егер аталған талаптардың бірі орындалса, салық ставкасы 0,7 төмендету коэффициентін қамтиды.

Суды өлшейтін құралдар негізінде балық өсіруге арналған су алу көлемін анықтау кезінде су салығының ставкасына 0,7 төмендету коэффициенті де қолданылады.

Сондай-ақ, суды үнемдейтін технологиялар мен суды өлшейтін құралдардың жоқтығы үшін су салығының ставкасына 1,5 өсу коэффициенті пайдаланылады.

Айта кету керек, суды үнемдеу технологияларын енгізу үшін 2024 жылдан бастап шаруаларға 2 жылдық жеңілдік кезеңімен жылдық 14 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға несие беріле бастайды.

Бұл ретте, Қарақалпақстан елі мен Хорезм облысында шаруалар жылдық 10%-ын ғана төлесе, қалған 4%-ын бюджеттен мемлекет өтейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу