Өзбекстандағы газ кен орындарында қор азайды

595

Өзбекстандағы газ кен орындарында табиғи газ өндіру көлемі азайып келеді. Бұл туралы inbusiness.kz uzreport.news сайтына сілтеме жасайды.  

Өзбекстандағы газ кен орындарында қор азайды Фото: uzreport.news

Өзбекстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылы 200 миллион текше метр табиғи газ жоспардан кем өндірілді, ал 2022 жылдың 11 айында табиғи газ жоспардан 5 пайызға кем өндірілген.

"Узбекнефтгаз" АҚ-ға қарасты газ кен орындарында табиғи газ тәулігіне жоспардан 7,1 пайызға аз өндірілген. Оның негізгі себептері – газ кен орындарындағы табиғи газ қорының азаюы және кен орындарында апаттардың орын алуы.

"Бүгінгі күні қабылданған шараларға қарамастан, ауа температурасының кенет салқындауына байланысты құбырлардағы газ қысымының төмендеуі байқалады. Өндірілетін көгілдір отын ішкі тұтынуға, атап айтқанда, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар мен жылу электр станцияларына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Ташкентте автокөліктерге газ құю бекеттері уақытша жабылғаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу