Қазақстанның Өзбекстандағы консулы астан уланған футболшы балалардың жағдайымен танысты

862

Қазіргі уақытта барлығы 19 адам ем-дом алып жатыр.

Қазақстанның Өзбекстандағы консулы астан уланған футболшы балалардың жағдайымен танысты Фото: t.me/KZ_Embassy

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері Ташкент ауруханасына түскен қарағандылық жас футболшылардың жағдайын біліп, қажетті консулдық көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты елшілікке сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат таралысымен консул Сәкен Пердебеков дереу ауруханаға барған.

Қазіргі уақытта 19 адам медициналық көмекке жүгінген. Ташкент қаласындағы №5 қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға 17 адам, оның ішінде 11 бала мен 6 ересек адам жатқан.

Уланғандардың бәрінің жағдайы тұрақты, оларды дәрігерлер қарап жатыр.

"Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ауруханаға барып, емдеу барысымен танысты және уланған балалардың ата-аналарымен кездесті. Медициналық көмек көрсету мәселесі оның жеке бақылауында. Бұдан басқа, балалардың жағдайын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Отабек Имамов та бақылап отыр.  Қажетті көмек көрсетуге Ташкент медициналық университетінің профессорлары, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және басқа да бейінді сарапшылар тартылған", – делінген елшілік хабарламасында.

Бұдан бөлек, Dostlik Cup 2026 турнирінің ұйымдастырушылары да ауруханаға түскен отандастарымызға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, Қарағандыдан Ташкентке барған бір топ жас футболшының жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу