Өзбекстандағы кезектен тыс Президент сайлау бойынша ОСК-ның соңғы шешімі шықты

433

Шавкат Мирзиеёв 87,05% дауыс жинап, Өзбекстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 

Өзбекстандағы кезектен тыс Президент сайлау бойынша ОСК-ның соңғы шешімі шықты  Фото: life09.kz

Өзбекстанда 9 шілде күні өткен сайлауға 19,5 миллионнан астам адам қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

"Отырыста 2023 жылғы 9 шілдеде өткен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлау қорытындылары бойынша хаттама жасалды, сондай-ақ сайлау қорытындыларын бекіту туралы қаулы қабылданды.

Атап айтқанда, сайлауға қатысқан сайлаушылардың 87,05 пайызы Шавкат Миромонович Мирзиеёвті Өзбекстан Республикасының Президенті қызметіне сайлау туралы қаулы қабылдады", - делінген Өзбекстан ОСК хабарламасында.

Сондай-ақ хаттамада Өзбекстанның "Адолат" ("Әділет") Социал-демократиялық партиясы ұсынған Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасары Робахон Махмудова 4,43%, Халықтық-демократиялық партияның жетекшісі Ұлықбек Иноятов 4,02%, экологиялық партияның басшысы Абдушукур Хамзаев 3,74% дауыс жинағаны бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу