23 шілдеде Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылғы 24 қазанға белгіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Заңға сәйкес, Өзбекстан президенті болып жасы 35-тен асқан, сайлауға дейін кемінде 10 жыл тұрақты түрде елде тұрған республика азаматы сайлана алады. Президент бес жылға сайланады, бір адам бұл қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды. Елдің қазіргі президенті – Шавкат Мирзиеев. Ол бұл лауазымға 2016 жылы тағайындалды
Табиғат Нұрболат
Фото: ria.ru
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу