Әйелдер бәсекесінде Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина командасын 3:1 есебімен ұтты.
Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева өз партияларын тең аяқтаса, Меруерт Камалиденова мен Елназ Қалиахмет қарсыластарынан басым түсті.
Қазақстан – Босния және Герцеговина – 3:1
- Бибісара Асаубаева – Милана Бабич – тең ойын;
- Меруерт Камалиденова – Маса Бабич – жеңіс;
- Елназ Қалиахмет – Маса Максимович – жеңіс;
- Зарина Нұрғалиева – Сара Жакимович – тең ойын.
Ерлер арасында да Қазақстан құрамасы Нигерияны 3,5:0,5 есебімен жеңді.
Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов қарсыластарын ұтса, Даниал Сапенов өз партиясын тең аяқтады.
Осылайша, қазақстандық шахматшылар Олимпиаданың екінші турында қос құрам бойынша да жеңіске жетті.