Өзбекстандағы тұрғын үй мәселесін шешуге Азия Даму Банкі $150 млн бөлмек

521

Өзбекстандағы тұрғын үй мәселесін шешуге Азия Даму банкі 150 миллион доллар бөлмек. 

Өзбекстандағы тұрғын үй мәселесін шешуге Азия Даму Банкі $150 млн бөлмек Фото: tengrinews.kz

Ипотеканың басым бөлігі әйелдерге арналған. Ал қаңтардан бастап несиеге баспана алған Өзбекстандықтар кей салықтардан босатылды. 

Кеңес одағы тарағанда Өзбекстан халқының саны 21 миллион болды. Қазір 36 миллионан асып жығылады. Демографияның мұндай қарқыны онсыз да өзекті тұрғын үй мәселесін ушықтыра түсті. Каримов кезінде елде "Үлгілі үйлер" бағдарламасы жұмыс істеген. Бірақ мұндай жер үйлер ауыл тұрғындары үшін тым қымбат, ал қалалықтарға қашық болып шықты. Ал соңғы 5 жылда ипотека нарығындағы картина мүлдем өзгерген. 

"Жаңа Өзбекстан Даму стратегиясы аясында тұрғын үй кешендерін құру ипотекалық несиелеу арқылы қаржыландырылады. Мұндайда банктер бірдеңе жоғалтуы мүмкін деген тәуекелдер жоқ. Өйткені бастапқы жарналар мен пайыздық төлемдерінің белгілі бір бөлігі әсіресе аз қамтылғандар үшін мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондықтан биыл ипотекамен үй ала латын халық саны артады деген сенімдеміз", дейді Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Мамаризо Нурмуратов. 

Өзбекстанда ипотеканың басым бөлігін Қаржы министрлігі қаржыландырады. Мәселен былтыр, ведомства баспана үшін 906 миллион доллар несие берген. Одан бөлек Ипотекалық несиелеу қоры да жұмыс істейді. Алайда нарықтағы екінші деңгейлі банктердің үлесі аз. Ал ол пайыздық ставканы түсіруге ең үлкен кедергі. 

"Банк активтерінің 80 пайыздан астамы мемлекетке тиесілі. Яғни барлық ірі банктер бұл мемлекеттік қаржы ұйымдары. Оған қоса олардың кейбірі белгілі бір ведомстваға қарасты болады. Сондықтан несие бергенде коммерциялық мақсатта емес шенеуніктердің айтқанымен жүреді. Бұл әрине нарықтық экономика ережелеріне қайшы келеді", дейді Экономист Юлий Юсупов. 

Өзбекстанда ипотекаға үй алған осал топтағы азаматтар табыс салығынан босатылды 

Банк жүйесін реформалау ұзақ процесс. Сондықтан тұрғындарды баспанамен қамту үшін мемлекет іс жүзінде жүзеге асыра алатын қолдау шараларына көшкен. Мәселен, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың ипотекалық несиесінің пайыздары мен бастапқы жарнасының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды. Оған қоса, осындай жеңілдік алған адамдар жеке табыс салығынан босатылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу