Өзбекстандағы ЖОО-да Қаныш Сәтпаевтың құрметіне аудитория ашылды

921

 Кабинет толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталды.

Өзбекстандағы ЖОО-да Қаныш Сәтпаевтың құрметіне аудитория ашылды Фото: rezonans.kz

Ислам Каримов атындағы Ташкент Мемлекеттік техникалық университетінде қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтпаевтың құрметіне арнайы аудитория ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жеке залды Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті толықтай жабдықтап берді. Бұл екі елдің жетекші білім ұяларының өзара ынтымақтастық туралы келісімі негізінде жүзеге асып отыр.

Аудиторияға қазақ жерінен табылған қазба байлықтары мен қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныштың еңбектері жайлы жазылған туындылар қойылған. Кабинет толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталып, интернет желісіне қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу