Өзбекстандағы ЖОО-ның бірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдігі ашылады

768

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Өзбекстан республикасының университеттеріне жұмыс сапарымен барды. 

Өзбекстандағы ЖОО-ның бірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдігі ашылады Фото: kz.testing.kz

Ташкент мемлекеттік экономика университеті жанындағы профессор-оқытушылар құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру салалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұл орталықтың базасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өкілдігін ашу туралы келісім жасалды, деп жазады inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизацияландыру инженерлері институты" Ұлттық ғылыми-зерттеу университетімен қос дипломды/мамандарды даярлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім мен Жол картасы жасалды.

“Алдағы уақытта қос университет 7 білім беру бағдарламасы бойынша білім береді. Атап айтсақ, бакалавриат бойынша 6В07368 – "Жер кадастры", 6В086 - "Су ресурстары және суды пайдалану", 6B07155 Электр энергетика білім беру бағдарламасы, магистратурада 7М05247 – экология, 7М11279 – "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (техносфералық қауіпсіздік)", 7М07155 – "Жаңартпалы энергетика", 7М04142 – "Есеп және аудит" білім беру бағдарламасы бойынша білім береді”, - делінген хабарламада.

Әлемнің 30-дан астам тілінде лингвистикалық оқытуды қамтамасыз ететін Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институтымен (SamSIFL) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылордалық делегация Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетіне, Орталық Азиядағы ең ірі технопаркке және Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханаға сапар жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу