Өзбекстандық аспаздар 797 келі лағман пісіріп, әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Өзбекстан ақпараттық агенттігі.
Мәскеуде 13-16 ақпан күндері III халықаралық мәдениеттер фестивалі өтіп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Грузия, Ресей, Татарстан, Әзірбайжан және Дағыстаннан келген дәстүрлі өнер шеберлері қатысты.
Айтулы шарада өзбекстандық аспаздар 797 келі лағман пісіріп, әлемдік рекордты жаңартты.
Бұған дейінгі рекорд 687 келі болатын. Алматыдағы рекорд халықаралық рекордтар кітапшасына 2015 жылы тіркелген екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу