Кәсіпқой боксқа біржола ауысқан өзбекстандық спортшы Баходир Жалоловтың (14-0, 14 КО) өзі бұған наразы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Боксшы кәсіпқойда соңғы рет 2023 жылдың қараша айында африкалық Крис Томпсонмен жұдырықтасып, оны ауыр соққысымен сұлатқан еді.
Өзбек журналисі Джалол Ахмедовтің сөзінше, Баходир Жалоловтан герпес инфекциясы (ұшық – ред.) анықталған. Сондықтан дәрігерлер жекпе-жекке шығуына рұқсат бермей отыр.
Видеоүндеуінде боксшы "Ұйымдастырушылар қасақана жолымды кесті, болмашы безеу үшін жекпе-жекке тыйым салды" дегенді айтады.
Айта кетейік, Канаданың Монрель қаласында өтетін бокс кешінде өзбекстандық спортшы француз Давид Спильмонмен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын. Ол кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Баходир Жалолов – Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы. Ол соңғы Олимпиададан соң кәсіпқой боксқа біржола бет бұратынын хабарлаған-ды.