Өзбекстандық шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен барады

735

Аталмыш жобаны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойды.  

Өзбекстандық шенеуніктер айына бір рет жұмысқа автобуспен барады Фото: t.me/KoDnu

Өзбекстан астанасы Ташкентте айына бір рет "Автокөліксіз күн" жобасы өткізіледі. Оның барысында барлық билік органының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай талап зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында енгізілді. Бұл бастамаға қоғам өкілдері мен экобелсенділер қолдау білдірген.

Осыған байланысты кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органының басшылары мен өзге де қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жұмысқа бару арқылы көпшілікке үлгі көрсету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу