Өзбекстандық вакцина ДДСҰ тізіміне енгізілді

1050

Наурыз айының соңында елдің денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаев Өзбекстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасай бастады деп мәлімдеген еді. 

Өзбекстандық вакцина ДДСҰ тізіміне енгізілді

Өзбекстанда COVID-19 дертіне қарсы жасалып жатқан екі вакцина  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің инновациялық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.  

Нақтырақ айтқанда, инновация министрлігіне қарайтын озық технологиялар орталығының коронавирустың S-ақуызына негізделген рекомбинантты вакцинасы және Өзбекстан ғылым академиясының геномика және биоинформатика орталығының SARS-Cov-2 үш бөлігінің spike-ақуыздарына негізделген ДНҚ вакцинасы ұйым бекіткен тізімнің ішінде. 

"Қазіргі уақытта екі вакцина да клиникаға дейінгі сынақтардан өтуде", – деп жазылған ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Наурыз айының соңында елдің денсаулық сақтау министрі Әбдухаким Хаджибаев Өзбекстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасай бастады деп мәлімдеген еді. 
Бұл елде пандемия басталғалы 86 мыңнан астам вирус жұқтырып, оның 84 мыңы жазылған. Дерттен 683 тұрғын қаза тапты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу