Өзбекстандық жігіттің әрекеті "арандатушылық" деп бағаланды

1135

Атырауда короновирусқа қарсы екпе алғалы тұрған жігіт денесі ауырып, құрысып қалғандай әрекеттер көрсеткен. Алайда оның бұл қылығы арандатушылық деп танылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Өзбекстандық жігіттің әрекеті "арандатушылық" деп бағаланды

Белгілі болғандай, 22 жастағы Өзбекстан азаматы 14 шілде күні сағат 15.00-де "Дина" базарындағы егу пунктінен "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алмақ болады. Ол екпе алғанға дейін кезекте тұрып-ақ, медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытып, вакцинаның жанама әсері туралы бейнежазба түсіремін деп қорқытқан. Одан кейін жігіт ауырып, аяқ-қолы құрысқан кейіп танытқаннан кейін облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіліп, жағдайы тұрақты және ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер болмағаннан кейін жарты сағаттан кейін үйіне жіберіледі.

"Өзбекстан азаматы "Спутник V" вакцинасының I компонентімен 2021 жылдың 16 маусымында егілген. Содан кейін, онда кері әсерлер мен асқынулар тіркелмеген, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тиісті мекемелер тұрғындардың кез-келген арандатушылыққа ілеспей, тек қана ресми ақпарат көздеріне ден қоюын сұрайды. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу