Дәлірек айтсақ, судья өкілеттігінен айырылған шенеунік – Ақтау қалалық сотының төрағасы болған Мәлік Кенжалиев екені белгілі болды.
Комиссияның бекіткен қорытындысы бойынша ол – лауазымын асыра пайдаланып, судья әдебіне қарама-қайшы әрекеттерге барған. Бұрынғы судья Өзбекстаннан келген қара жұмысшыларға Теңіз жағасында зәулім сарай салғызып, көрсетілген қызмет үшін 3 млн 600 мың теңге беруге қол алысқан. Баспана бой көтерсе де, келісілген соманың жартысын, 1 млн 800 мың теңгені беріп, қалғанын 2 жыл бойы қайтармаған. Ал берешегін сұраған бригада басшысына дөрекі сөзбен жекіп, абақтыға жабамын деп шошытқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу