Қазақстан Республикасының Өзбекстанға битум экспортының көлемі қараша айында 10 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, жол битумының алғашқы экспорты Өзбекстанға 2017 жылы 650 тонна көлемінде жөнелтілген болатын.
Енді ішкі нарықтың сұранысы толығымен өтелгеннен кейін, зауыттан өнімді экспортқа шығару тұрақты негізде жүргізілуде. Бұрын кәсіпорын қысқы уақытқа жұмысын тоқтататын болса, қазір өнімге деген шетелдегі жоғары сұранысқа байланысты зауыт жыл бойына үздіксіз жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу