Өзбекстанға елден шығарылған қыруар қаржы қайтарылады

1060

Бұл активтер Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Каримоваға тиесілі болған.

Өзбекстанға елден шығарылған қыруар қаржы қайтарылады

Швейцария Конфедерациясының Президенті Иньяцио Кассис пен Өзбекстанның Әділет министрі Русланбек Давлетов Швейцария астанасында БҰҰ-ның сенім қоры арқылы Өзбекстан халқына қайтарылуы тиіс қаражатты реституциялау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дюжарриктің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қаржы Өзбекстанға бірнеше транш түрінде жіберіледі. Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, бұл активтер Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнар Каримоваға тиесілі болған.

Ескере кететін жайт, әзірге шамамен оның 131 миллион доллары аударылады. Қаражатты қайтару туралы келісім БҰҰ командасы мен Өзбекстан үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу