Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жыл сайын шамамен 3,8 миллиард текше метр ресейлік көгілдір отын жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, Қазақстан ішкі нарықта газ тапшылығы болмаған жағдайда ғана своп операцияларын жүргізеді. Яғни, бұл шағын көлемдер. Бағалар спот бағасымен қалыптасады.
Бұған дейін Ресей газының Қазақстан арқылы транзитін жылына 11 миллиард текше метрге дейін ұлғайту жоспарлары туралы хабарланған болатын. Бұл Өзбекстанға энергиямен жабдықтау көздерін әртараптандыруға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.