Олардың арасында қазақтардың да үлес салмағы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 951,3 мың адамға немесе 17,2 пайызға артып отыр. Жалпы, Өзбекстанға демалушылармен қатар ем алушылар да көп баратыны белгілі. Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елге 6,5 миллион турист табан тірепті.
Белгілі болғандай, ең көп турист Тәжікстан елінен келген – 1,878 миллион, одан кейін Қырғызстан мен Қазақстан – 1,870 және 1,2 миллион. Ал, қытайлық саяхатшылар жалпы есепте 7-орынға (57,7 мың турист) тұрақтап тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу