Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе өсті - АШМ

506

Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе өсті - АШМ

Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе өсті - АШМ Фото: Qanagatnews

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығын дамыту бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық. Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бұл үрдіс биыл да сақталып отыр. 3 айдың қорытындысы бойынша ет экспортының өсуі 2022 жылғы осыған ұқсас кезеңге қарағанда 19,6%-ды құрады", -деп атап өтті министр.

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артқан.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға ұлғайды, ал биылғы 5 айда өсім 3,6%-ды құраған",  - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу