Өзбекстанға ұн сатқан екі кәсіпкер 900 мың АҚШ долларынан айырылды

1214

Ірі көлемде астық экспорттаған олар үш жылдан бері ақшаларын қайтара алмай келеді. 

Өзбекстанға ұн сатқан екі кәсіпкер 900 мың АҚШ долларынан айырылды

Шымкенттік кәсіпкер Бауыржан Әлібеков Өзбекстанға ұн сатамын деп, алданып қалды. Ірі көлемде астық экспорттаған  ол үш жылдан бері 450 мың АҚШ долларын қайтара алмай келеді. Дәл осындай жағдай қарағандылық бизнесменнің де басынан өткен. Көрші елдің саудагерлері осылайша қазақстандық екі кәсіпкерді  900 мың АҚШ долларына алдап кеткен.

27 вагон ұнның орнын сипап қалған шымкенттік кәсіпкер әділдік іздеумен келеді. Айтуынша бастапқы құны 150 мың АҚШ доллары тұратын алғашқы партияны Ташкентке жөнелткен. Оған тез арада ақшасын төлепті. Осылайша, сеніміне кіріп, кейін тақырға отырғызған. Бүгінде миллиондаған ақшасынан айырылған кәсіпкер алаяқтардың үстінен шағым түсіріп, сот санкциясымен оларды уақытша қаматыпты. Алайда сот дәлелдемелер жеткіліксіз деген себеппен көрші елдің азаматын босатып жіберген. 

Кәсіпкер екінші рет соттың аппеляциялық алқасына жүгінді. Қазір тергеуді қайта бастау жөнінде шешім шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу