Өзбекстан тағы бірнеше елге визасыз режим ашты, деп хабарлайды kazislam.kz.
Енді 10 ақпаннан бастап Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтың бұйрығымен жеті мемлекет азаматтарына визасыз режим енгізіледі. Бұл тізімде Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Түркия, Жапония мен Израиль елдері бар. Аталған ел азаматтары өзбек жеріне визасыз жағдайда 30 күнге дейін жүре алады. Осылайша Өзбекстанға визасыз кіре алатын елдер саны 16-ға жетті.
Қазіргі уақытта 60 күндік визасыз режимді Әзірбайжан, Армения, Белорусия, Грузия, Қазақстан, Молдава, Ресей, Украина мен Қырғызстан мемлекеттері пайдалана алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу