Өзбекстанға заңсыз ақша алып өтпек болған жолаушы ұсталды

543

 Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Өзбекстанға заңсыз ақша алып өтпек болған жолаушы ұсталды Фото: видеодан скриншот

Елорда әуежайында кеден қызметкерлері 83 млн теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол қаражатты шетелге алып ұшпақ болған жолаушыны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері 6 қарашада "Астана-Ташкент" халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін кедендік тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан декларацияланбаған 83 601 000 теңге көлемінде, атап айтқанда 180 000 АҚШ долларын (қолма-қол қаражат) анықтады. Кедендік тексеру кезінде заң бұзушылар лауазымды тұлғаларға кедергі келтірген. Заң бұзушыларға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", - делінген Комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу