Түркістан облысында Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары мұнайды заңсыз айдаумен айналысқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан облыстық прокуратурасының дерегінше, қылмыстық топты құрықтауға екі мемлекеттің құзырлы органдары қатысты. Нәтижесінде мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды.
"Бір топ адам қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік туннель салған. Осы туннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын контрабандалық жолмен шығарып, заңсыз әрекеттері шамамен екі айға созылған. Арнайы шаралармен қылмыстық топтың барлық мүшелері, оның ішінде Өзбекстан азаматтарының да аты анықталды. Осындай іс-шараларды Өзбекстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараның маңындағы аймағында өткізді. Бұған қоса көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды", – делінген хабарламада.
Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.