Өзбекстанмен шекарадағы автоөткізу пунктінде электронды кезек жүйесі іске қосылады

987

Мемлекеттік кірістер комитеті автомобиль өткізу пункттерінде электронды кезек жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстанмен шекарадағы автоөткізу пунктінде электронды кезек жүйесі іске қосылады

Бұл бастама шекарадағы кезекті цифрландыруға мүмкіндік береді. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, шекарадағы көлік кептелісі тасымалдаушыларда шекарада кезекте тұрған көлік құралдарының саны туралы ақпараттың болмауынан туындайды. Мұндай жағдай әлемнің барлық елінде болады. Осының алдын алу үшін шет мемлекеттер қолданысқа электронды кезек енгізіп жатыр. Бұл ретте Беларусь пен 
Грузияның оң тәжірибесін атап өтуге болады. Оларда электронды кезек жүйесі нақты нәтиже беріп жатыр. 

"Автомобиль өткізу пункттеріне электронды кезек жүйесін енгізу тасымалдаушыларға сапарды алдын-ала жоспарлауға, дұрыс маршрут құруға және көлік құралын аз өткізетін пунктті таңдауға мүмкіндік береді. 2021 жылғы 26 шілдеден бастап қанатқаты жоба ретінде Өзбекстанмен шекарадағы "Б.Қонысбаев" өткізу пунктінде электронды кезек жүйесі іске қосылады. Автожүргізушілерге www.e-border.kz сайтына тіркелу арқылы кезек брондау сервисі ұсынылады. Сайтқа тіркелгеннен кейін көлік жүргізушісі бос күн мен уақытты таңдайды. Кейін оның электронды поштасына хат және ұялы телефонына СМС-хабарлама келеді. "Б.Қонысбаев" өткізу пунктінде көрсетілген уақыт пен күнді көлік жүргізушісі ақпараттық монитордан көреді. Өткізу пунктінде 
бейнекамера автокөліктің мемлекеттік нөмірін оқиды. Осыдан соң шлагбаум автоматты түрде ашылады. Шекарадан өтуді цифрландыру тауар айналымын және транзиттік әлеуетті дамытуға оң әсерін тигізеді", – деп нақтылады комитеттің баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу