Енді Өзбекстанға барып келу әлдеқайда жеңілдейтін болады. Ол үшін ОҚО-ның аумағында орналасқан екі ел арасындағы 4 өткізу бекеті қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізілмек, деп хабарлайды khabar.kz.
Оған баратын жол да кеңейтіледі. Бұл шекарадан адам мен көліктің өтуіне тез әрі ыңғайлы жағдай жасау үшін қажет. Қазақстанның тиісті сала басшылары мен өзбекстандық әріптестері шекара бойлай жүріп, кеден бекеттерін қалай кеңейту жолдарын бірге талқылады.
Өткен 11 айда шекарадан әрі-бері 9 миллион 600 мыңнан астам адам өткен екен. Ал жүк көлігінің саны 110 мыңға жуық.
"Қазір күрделі жұмыстар бітіп, ол іске қосылғаннан кейін тәулігіне 1000 автокөлік өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Сондай жұмыс атқарылып жатыр", - дейді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев.